Мәжілісте тілшілер Үкімет басшысынан «елдегі білім және денсаулық сақтау салаларына сенесіз бе?» деп сұрады.
«Әрине, елдегі білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім артамыз. Жеке өзім және отбасым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алдым. Балаларым қазір Астанада мемлекеттік мектепте оқып жатыр», - деді Үкімет басшысы тілшілерге берген сұхбатында.
Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің өз балаларын Кипрдегі мектепте оқытатыны қоғамдық талқыға түскен еді.
14 маусымда Ғылым министрі балаларын неге шетелде оқытқанын түсіндіріп, 26 маусым күні отбасын елге әкелетінін айтқан.
Алайда қыркүйек айында С. Нұрбек балаларының таңдауына құрметпен қарайтынын, олардың Кипрде білім алуды жалғастыратынын жеткізді.
Фото: primeminister.kz