Әлихан Смайылов Елена Рыбакинаға жарқын жеңістер тіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Уимблдон чемпионатында жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны «Уимблдон» финалындағы айрықша жеңісімен құттықтаймын!

Ол шебер спортшы ретінде табандылық танытып, ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетті.

Еленаға зор денсаулық, амандық пен жарқын жеңістер тілеймін!» - деп жазды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан болатын.