«Мемлекеттік сатып алу процедуралары және бюджеттің шығыстарының жұмсалу барысы бақылауда болды. Қаңтар айында 159 аудиторлық іс-шаралармен 96 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Нәтижесінде 39 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды», - деді бірінші вице-премьер.
Оның айтуынша, тексеру кезінде 33 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандарына 181 ұсыныстар жіберілді. Оның 95-сі орындалды. Есепті кезеңде жалпы сомасы 1 трлн 730 млрдтеңгеге 396 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды.
«Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 39 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығына жол берілмеді», - деді ол.