«Соңғы жылдары ғылым туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді. Ғылымды дамыту тұжырымдамасы бүкіл ғылыми қоғамдастықпен бірге іске асырылады. Сонымен бірге, бүгінде қоғам ғылыми-технологиялық саладан нақты өзгерістерді, ғылыми жаңалықтардың нақты экономикада қолданылуын күтіп отыр.
Сондықтан, ғылыми зерттеулердің нәтижесін арттыру, оның ел экономикасының дамуына қосатын үлесін ұлғайту үшін ауқымды жұмыс қажет», - деді үкімет басшысы.
Сондай-ақ, ол Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландырудың тиімділігін арттыру үшін министрлік пен ғылыми ұйымдарлың, кәсіпорындардың үйлесімді жұмыс істейтіндей механизмдер құру қажеттігін атады.
«Ең перспективалы ғылыми бағыттардағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың үлесін арттыру қажет.
Бұлардың қатарында атом және сутегі энергетикасы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология, биоқауіпсіздік, нейроғылым сияқты салаларды атап көрсетуге болады», - деді Премьер-Министр.