«Қытаймен арадағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы өткен жылдың қорытындысы бойынша 5,7 млрд теңге болды. Оған негізгі себептердің бірі – тауарлар құнын кемітіп көрсету әрі дұрыс декларацияламау. Соңғы 4 жылда алшақтық 20 процентке қысқарды. Бұл жақсы динамика», -деді Премьер-Министр.
Оның мәліметі бойынша, бүгінде Қаржы министрлігі 5 мыңнан астам тауар позициясының құндық индикаторын қайта қараған.
«Сонымен қатар, Қаржы министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп тасымалданатын тауарлар бойынша Қытай тарапымен ақпарат алмасу мәселелерін пысықтау қажет», - деді Әлихан Смайылов.