«Әлеуметтік саясат өтінім беру формасынан проактивті форматқа көшіп жатыр. Бұл міндет Отбасының цифрлық картасы арқылы жүзеге асырылады. Ол кезде ақпараттық жүйе арқылы әлеуметтік қолдау алу қажеттілігі анықталатын болады. Осыған орай Еңбек министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірге Отбасының цифрлық картасын жетілдіру жұмысын жалғастыруы қажет. Оның жұмысының тиімділігі сенімді деректерге байланысты», - деді Үкімет басшысы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, ол үшін Цифрлық даму министрлігі бір айдың ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін Цифрлық картамен кезең-кезеңімен ықпалдастыру жол картасын және кестесін пысықтауы тиіс.
«Әділет, Ішкі істер, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы министрліктері ведомстволық мәліметтер базасын өзектендіруді қамтамасыз етуі әрі үнемі бақылауда ұстауы қажет», - деді Премьер-Министр.