Алик Шпекбаев азаматтардың сұрақтарына жауап береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен бүгін, Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасы  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметке қабылдану және қызмет ету, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.