АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев пен Мунхтуей Алтангерел ханымның кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомство баспасөз қызметіне сілтемемен.
Кездесу барысында А. Шпекбаев БҰҰ Даму Бағдарламасын Қазақстанда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізіліп жатқан реформаларға белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде М. Алтангерел ханым Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ, жемісті екіжақты ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.
Кездесу қорытындысында агенттік БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасарына алдағы қызметінде табыс тіледі.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.