Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
11:14, 16 Сәуір 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.