Алима Мұрзабекованың Сән үйi ашылады

None
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуiр күнi Астанада тұңғыш рет "Болашақ" бағдарламасының түлегi Алима Мұрзабекованың Сән үйiнiң ашылуы болады.

Дарынды сәнгер - Алима Мұрзабекованың Сән үйiнiң ашылу барысында - "Ұшу қиялы" атты күз-қыс 2011-2012 мезгілі жаңа коллекциясының көрсетілуі болады. Оған жұлдызды аспан мен ғарыштық кеңістік, Джордж Лукастын " 5-ші элемент" киносындагы басқа әлемдік жаратылыстарының костюмдері шабыт берген.

Алима Мұрзабекова өзінің Fashion-индустриясындағы мансабын әлi Милан каласындағы Марангони Сән Институтында оқып жүргенде бастаған, бұл институтты Domenico Dolce (Doce&Gabbana жұбынан), Domenico Moschino - Moschino брендін қалаушы және тағы басқа танымал сәнгерлер тәмамдаған. Алима 2009 жылы Марангони Институтын үздік бітіріп, 2010 жылы Kazakhstan Fashion Week (KFW) өзінін көктем-жаз 2010 коллекциясымен табысты дебютқа шықты.

Алима қатарынан бірнеше рет Орталық Азия прêт-а-порте Сән Апталарында (KFW,) тағы басқа сән көрсетулеріне қатысты. 2011 жылы Алима жетінші қысқы Азия ойындарына қатысушы ВИП-кісілерге арналған спорттық форманы кұрастырды, ал қазіргі сәтте, кәсіби шеберлігінің арқасында өзінің Сән үйін ашқалы жатыр.