Сот ұсынған іс құжаттарына қарағанда құқық бұзушы сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеуге міндетті болған. Алайда, атқару құжатының талаптарын біле тұра орындамай, төлем жасаудан жалтарған.
— Алимент бойынша берешегі 5 029 720 теңгеге жеткен. Зерттеу барысында борышкердің тұрақты жұмысы, табысы және атына тіркелген мүлкі жоқ екені анықталған. Сот отырысында құқық бұзушы тұрақты жұмысының болмауына байланысты міндетін орындай алмағанын, алдағы уақытта төлеп құтылатынын көрсеткен. Сот қаулысымен оған аталған бап негізінде әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, жуырда Павлодар облысының прокуратурасы алимент бойынша берешегі бар азаматтардың букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады.