Атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы өтініш сот орындаушының айтуымен жазылды. Нақты алғанда борышкердің алимент бойынша үлкен берешегі бар және атқару парағын қайтару тек борышкер банкке жұмысқа орналасу үшін жүзеге асырылған. Бұл жағдайдың ешбір құқықтық салдары оған түсіндірілмеген.
Екібастұз қалалық сотының 2016 жылғы 4 қарашадағы шешімімен атқарушылық іс жүргізуді қысқарту және атқару құжатын қайтару туралы Павлодар облысының Әділет департаменті Екібастұз аумақтық бөлімінің іс әрекетіне А.-ның шағымы қанағаттандырылды.
Павлодар облысының Әділет департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылды.
Қызы М.-ны асырауға А.-дан алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы 2015 жылғы 17 маусымдағы Павлодар облысының Әділет департаменті Екібастұз аумақтық бөлімі сот орындаушысының қаулысының күші жойылды.
Павлодар облысының Әділет департаменті Екібастұз аумақтық бөлімінің басшысы жіберілген бұзушылықтарды түзетуге міндетті.
Сот шешімі заңды күшіне енді.