Борышкердің Абай көшесіндегі пәтеріне тыйым салынған болатын. Ол баласына бірнеше жылдан бері 2,3 млн теңге көлемінде алимент төлемеген.
«Әңгіме барысында жылжымайтын мүлік иесіне қарызды жабу үшін пәтері сатылатыны айтылды»,- деді қалалық Әділет департаментінен.
Сату-сатып алу келісімшарты бойынша пәтер 20 млн 484 мың теңгеге сатылды.
«Төлем тапсырысы бойынша арызданушыға 2 323 066 теңге берілді», - деді департаменттен. Қалған қаражат борышкерге қайтарылған.