Алимент төлеуден жалтарып жүрген өзбекстандықтарға енді несие берілмейді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 1 мамырдан бастап Өзбекстанда алимент бойынша қарызы бар азаматтар кейбір қаржылық және мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі. 

Фото: freepik.com

Әділет министрлігінен мәлім еткендей, борышкерлерге қарызын толық өтеген уақытқа дейін несие берілмейді.  

Сонымен қатар егер алимет бойынша берешегі бар азамат қайтыс болса немесе хабар-ошарсыз кетсе, онда мемлекеттік орындаушы істі жабуға құқылы болады.

Еске сала кетейік, былтыр Өзбекстанда алимент бойынша 70 мыңға жуық арыз түскен. Олардың 30%-ға жуығы әлі шешімін таппаған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда отасқанына бір жыл толмаған ерлі-зайыптылардың ажырасуына шектеу енгізілмек