Алименттен қашқан әке 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді - Қостанай

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында алименттен қашқан ер адам 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеп келген. Тұрақты табысы болса да, ол үнемі алимент төлеуден жалтарған.

«Нәтижесінде борыш сомасы 600 мың теңгеден асты. Сот талқылауы кезінде ол ақшасын төлей алмайтынын айтты. Қылмыстық іс қозғалды, енді ер адам жергілікті елді мекенді абаттандыру жұмыстарына жегіледі», делінген хабарламада.

Ювеналды сот алимент төлеуден қасақана жалтарған әкені кінәлі деп тауып, 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.


Соңғы жаңалықтар