Сот материалдарына сәйкес, Л. есімді азамат екі жылдан астам уақыт бойы алиментті төлеу туралы сот шешімін орындамай келеді. Ал қарыз 873 542 теңгеге жеткен. Сот орындаушылары оған бірнеше рет ескерту жасады. Алайда айыпталушы өз міндетін атқармай келді. Сот отырысы кезінде тәртіп бұзушы өз кінәсін толығымен мойындады. Ол алимент төлеуден бас тартпайтынын жеткізді. Қазіргі кезде жұмыс іздеп жүр. Жұмысқа тұрғаннан кейін алимент бойынша барлық берешегін өтеймін деді.
«Дегенмен, сот Л. есімді азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады», - делінген соттың ресми хабарламасында.