ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпай еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.
Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын - Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоваға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын.
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.