АСТАНА. KAZINFORM - Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина Әжіғалиева күміс жүлдегер атанды.
Ол әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтықта сынға түсіп, финалына шыққан болатын. Аталған қашықтықта венгриялық Маджа Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді. Ал отандасымыз екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, бұл - қазақстандық қыздар арасындағы шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алина Херенвен қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында эстафеталық жарыста күміс жүлде алған еді. Құрама сапында Алина Әжғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан мен Гүлдана Жалмұхан сынға түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.