Әлішер Кәримов пен Диана Шарапова «Ән жүрегім - Астана» концертінде өнер көрсетеді

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық эстараданың жас жұлдыздары Қала күніне қарсы «Ән жүрегім - Астана» атты жас орындаушылардың республикалық байқауында өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ән жүрегім - Астана» байқауы үздік авторлық әндерді қолдауға және көрсетуге бағытталған. Бұдан басқа, «Ән жүрегім - Астана» - дарынды жастардың өз шығармашылығын паш етудің жақсы мүмкіндігі.