Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова айтты.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, бас бапкер Азия ойындарында көркем гимнастикадан Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Селина Жұматаева, Даяна Әбдірбековаға үміт артып отыр.
Қазіргі таңда спортшылар өз қалаларында жаттығуда, ал 1 тамыздан бастап барлығы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында бас қосады. Ұлттық құраманың көшбасшысы - Алина Әділханова.
Еске сала кетейік, Инчхондағы Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: www.olympic.kz