Алқаптағы егіннің 40 пайызы жиналды – АШМ

Фото: Фото: из открытых источников

Елімізде егін ору науқаны былтырғыдан қарағанда 32 пайыз баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында млім етті.

«Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 млн гектар алқапта жатыр. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн гектар немесе 40% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнерді құрады», - деді министр.

Айдарбек сапаровтың айтуынша,былты осы уақытта осыған ұқсас кезеңінде 11,6 млн гектар алқап немесе 72,8% жиналған.

«Бұл ретте егіс науқаны оңтайлы аграрлық мерзімдерде жүргізілді. Жаздың ауа райы жағдайлары елдің көп бөлігінде қалыпты жағдайда болды. Егін жинау науқанына дайындық кезеңінде техниканың дайындығы, жеңілдетілген жанар-жағармай 100% қамтамасыз етілді», - деді ведомство басшысы.