«Бізге шағын бизнесмендердің, диқандардың тұқымт сатып алуға қаржылық мүмкіндіктері жоқ екені туралы ақпарат жиі түседі. Өйткені бағасы қымбат көрінеді. Осы шағын шаруаларға арналған жеңілдіктер бар ма? Шағын құрылымлдарды дамыту үшін қандай шаралар қарастырылған?», - деп сұрады БАҚ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Азат Сұлтановтың сөзіне қарағанда, мемлекет бұл мәселеде шаруаларды «ұсақ» немесе «ірі» деп бөліп қарамайды.
«Өсімдік шаруашылығы туралы айтатын болсақ, мемлекеттік қолдау шаралары өте көп. Біз оларды ірі, орта немесе шағын тауар өндіруші деп бөлмейміз. Субсидияларды бөлу шағын форматта жүргізілетінін ескерсек, әркімнің өзі сенетін мемлекеттік қолдау шарасына өтініш беруге және алуға құқығы бар. Бұл ретте өтінім беру бойынша проблемалар бар деп шағымданып жатады. Ол шағымдарды ескердік. Өсімдік шаруашылығын қолдаудың негізгі бағыттары бойынша сибсидия алу үшін өтінім беруге 12 ай мерзім белгіленген. Яғни, өтінім беру мерзімі жергілікті әкімдікте қаражаттың болуына байланысты емес», - деді департамент директоры.
Сондай-ақ ол субсидия бөлудің жаңа электронды жүйесін пысықталып жатқанын еске салды.
«Бұл мемлекеттік бағдарлама болады. Ол өңірлердің бірінде пилоттық негізде іске қосылған. Осы бағдарлама аясында күту парағы әзірленеді. Бұл фермерлердің субсидияларға қол жеткізу мүмкіндігін реттейді. Қолдау түрлеріне келетін болсақ, бүкіл өндіріс цикліне тұтас қолдау көрсетіледі. Біздің міндетіміз – фермерлерді сапалы тұқым материалымен қамтамасыз ету. Ең әуелі ол импортқа тәуелді болмауы керек. Біздің білім беру орталығының еншілес ұйымы негізгі дақылдар бойынша будандардың жоғары сапалы және заманауи сорттарын өндіріп отыр. Яғни, Қазақстанда егілетін тұқымдардың 80%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі», - деді Азат Сұлтанов.
Фото:farmonline.com.au