Алкоголь ағзада қауіпті вирустардың таралуына алып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алкогольге тәуелділік ағзада қауіпті вирустық инфекциялардың таралуына алып келеді, деп тұжырымдайды Америка Құрама Штаттарының медицина ғалымдары. Бұл туралы innov.ru. сайты жазуда.


Олар мұндай тұжырымға келмес бұрын  алкогольге тәуелді азаматтардың бауыр жұмысын бақылаған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, алкогольдік өнімдердің салдарынан бауыр жұмысының бұзылуына байланысты ағзада вирустардың көптеп таралуы анықталды.  «Алкоголь қандағы моноциттердің функциясын бұзады. Бұл біріншіден,  ағзаның табиғи вирусқа қарсы қызметінің нашарлауына, екіншіден, сырқаттың асқыну процесіне алып келеді», - дейді Массачусетс университетінің профессоры Джионджи Сзабо.