Бұл мәліметтерді бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев басқаратын Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жария етті.
Министрдің айтуынша, жұқпалы емес аурулардың тарау қаупін арттыратын факторлардың бірі алкогольді ішімдіктерді шектен
тыс пайдалану. «4-ші ұлттық зерттеулердің нәтижелері бойынша алкогольді ішімдіктерді пайдалану көрсеткіші елде 35,8 пайызды құрап отыр. Алкогольді ішімдіктермен күрес заңнамалары елде біршама қатайтылғанымен бұл бағытта әлі де болса шешілмеген мәселелер бар және ол мәселені реттеуге Денсаулық сақтау министрлігінің құзыры жете бермейді. Алайда бұл жеделдетіп шешуді қажет ететін проблема»,-деді С.Қайырбекова.
Оның сөзіне қарағанда, алкогольді өнімдер әлі де болса қолжетімді, яғни олар емін-еркін сатылуда. Сонымен қатар онымен күреске бағытталған заң талаптары тиісті деңгейде орындалмайды және ішімдіктер әлі көпшілік орындарда тұтынылуда.