Бұл туралы журналистерге апталық брифинг барысында Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардан 452 млн. теңгенің акциздік өнімі тәркіленді.
Мысалы, Ақмола облысында «Натур продукт» ЖШС-і тиесілі зауыттың құю цехының бастығы А. Сейтембетов айып төлеу жазасына кесілді. Ол зауыт аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолданумен алкогольдік өнім шығарған. 111,5 мың шөлмек есепке алынбаған спирттік ішімдік тәркіленді.
Сонымен бірге, біз «Иннова» ЖШС-ға тиесілі Павлодар арақ-шарап зауытының аумағында есепке алынбаған алкогольдік өнімді шығаратын бағыттың заңсыз қызметі әшкереленді. Онда жалпы саны 1 млн. астам 234 орама жалған есепке алу-бақылау маркалары табылды.
Оған қоса, құю цехының шатырында жалған есепке алу-бақылау маркаларын жасауға арналған үш аппарат орнатылған жасырын бөлме анықталды.
Агенттікпен акциздік маркаларды таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде мемлекеттік шекарадан өту үстінде «Иннова» ЖШС-і бас директоры В. Захаревич ұсталды, ал 11 қыркүйекте құю цехының бастығы К. Әлменова өз еркімен келіп, қылмыстық қудалау органына берілді. Айыптының екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды.