Алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз салығы артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі алкоголь мен темекі өнімдерінің акциз құнын күрт қымбаттатты, деп жазады muslim.kz.

Атап айтар болсақ, алкоголь өнімдеріне акциз салығы бірден екі есеге артқан. Билік өкілдерінің түсіндіруінше, акциз құнының бұлай шарықтауы бюджет тапшылығына байланысты көрінеді. Ел президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің айтуынша, бұл шаралар елдің қаржы дағдарысына ұшырамауына септігін тигізбек.