Алла Пугачеваға жасалған операция сәтті болды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейдің атақты әншісі Алла Пугачеваның мазасы қашып, Бакулев атындағы Орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды "Вести.ру" порталы.

Әдетте қан тамырларының бітеліп қалуы салдарынан қарапайым жолмен істелетін стенттерді орнату бойынша операция жасалды. Медициналық орталық директоры Лео Бокериидің сөзіне қарағанда, қазір әншінің жағдайы жақсы. Бірнеше жыл бұрын оған осындай операция жасалған болатын, бірақ өзге клиникада.