Алла Пугачеваның зейнетақысы небәрі 17 мың рубль ғана
16:10, 24 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңестік және ресейлік эстраданың аңызға айналған жұлдызы өзінікіндей зейнетақымен «бір жыл ғана» жүре алатындығын айтып, мұңая әзілдеді.
Анықталғандай, өмір бойы жинаған зейнетақысы 17 мың рубльді құраған. Оның өзі Пугачеваның «КСРО Халық әртісі» және Чернобыль АЭС-ындағы апаттың жоюшысы болғаны үшін.
КСРО кезінде Алла Борисовна ең аншлагты концерттерінің өзіне мөлшерлі ақша алған, бір орындауы жеті жарым рубльден түссе, концерті 47 рубль 50 тиынға дейін баяу өскен, деп жазады rambler.ru.
Өзінің қарапайым кірісі жайлы Пугачева жақында өткен немересінің үйлену тойында да еске салып өтті. Айта кетерлігі, бұл тойға 25 миллион рубль жұмсалған.
«Менің зейнетақым азғантай ғана, бірақ тағы бір жыл созамын!», - деген Алла тағы бір жыл өзінің немересіне қолдау көрсете алатындығын айтты.