Аллигаторды тірідей қайнатқан 6 қытайлық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың 6 тұрғыны жер бетінен жоғалып бара жатқан аллигаторды тірідей асып жегені үшін ұзақ мерзімге сотталатын болды, деп хабарлады life.ru.

«CCTV News» телеарнасының хабарлауынша аллигаторлардың бұл түрі жойылуға тақаған, жер бетінде олардың тек 120-сы ғана қалған. Оқиға Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында болған. 6 адам аллигаторды тірідей қайнатып, сорпа дайындаған. Оны бейнеге жазып, әлеуметтік желіге шығарады. Көрермендердің бірі бұл оқиға туралы полицияға шағымданған.

Полиция көп ұзамай оларды ұстады.