Бұл туралы Ria.ru Сингапур ұлттық университетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу авторы Рамакришна Маллампати сегіз дана қызанақтың қабығы бір сағат ішінде бір литр ауызсуды ауыр металдар иондарынан түгел арылтатынын дәлелдеген. Ғалым бұдан былай томат қабығын қоқысқа тастамай оны ауызсу сүзгісі ретінде қолдануға кеңес береді. Маллампати алма қабығының пестицидтерге қарсы әсерін де анықтады. Цирконий оксидімен өңделген алма қабығы ауызсу құрамындағы фосфат, хромат, фосфор тұзы, күшәла қышқылы сияқты заттарды тұтып қалатын көрінеді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.