«Алма» отбасылық демалыс фесстивалі балаларды қуанышқа бөледі

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 4-5 маусым күндері Алматыда «JUNEX» балалар тауарлары мен оларға арналған қызмет түрлерінің көрме-жәрмеңесі және «Алма» отбасылық демалыс фесстивалі өтті.

1200-ден астам алматылықтар мен қала қонақтары қатысқан бұл шара 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналды.

Мерекелік шараны ұйымдастырған - қазақстандық жетекші компания - «Expo.kz» ЖШС. Ал жобаның басты әріптесі ретінде «Ритц-Палас» сауда-ойын-сауық кешені демеушілік көрсетті.

«JUNEX 2011» балаларға арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің көрме-жәрмеңкесі Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Шараның бірегейлігі сол: алғашқы рет балаларға арналған тауарлар мен қызмет түрлері бір алаңға шығарылды. Ата-аналар уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізе отырып, өз балаларына ең жақсы әрі экологиялық қауіпсіз тауарлар алуға мүмкіндік алды.

Аталғанкөрмеге Қазақстанның, Ресейдің және Еуропаның тауарларын ұсынған 16 компания қатысты. Атап айтқанда: Desiderio furniture club, Bio-butik Telli, APS Investment, "Karapuz" ЖШС, Baby-in-Car.kz, «Тайминг» ЖШС, Detskij mir «Ерке» және т.б. сияқты беделді компаниялар болды.

Көрме «Тазалық пен косметика», «Киім, аяқ киім және аксессуарлар», «Жиһаз және интерьер жабдықтары», «Ойындар мен ойыншықтар, олардың ішінде - оқытатын ойындар», «Балалар қауіпсіздігі», «Тамақ» секциялары бойынша өтті.

Бұдан басқа, «JUNEX» көрмесінің аясында жақсы дәстүрге айналған шара - «Алма» 7-ші отбасылық демалыс фестивалі өткізілді. Бұл жоба жыл сайын Алматыда ұйымдастырылады. «Алма» аясында бүлдіршіндер шебер сыныптарға қатысып, суретші, фотограф немесе атақты әнші, бишіні сомдап, саяхатқа шығу ережелері мен бағбандықтың егжей-тегжейімен таныса алды.

Ал сатылған билеттерден түскен қаржының негізгі бөлігі Алматы қаласындағы Балалар үйлерінің бірінің есепшотына аударылды.