АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап «Алма Телекоммуникейшенс Қазақстан» АҚ-ның («Алма ТВ») бар мүлкіне арест қойылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE сайтында хабарланғандай, «АлмаТел Қазақстан» АҚ кассасына түсетін ақшалай қаражатқа, компанияға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлікке және екінші деңгейлі банктердегі өзге де қаражаттар мен мүліктерге арест қойылды.
Тыйым салынған мүлік құны - 2 180 388 000 теңгені құрайды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.