Бүгін Алматының ұстаздар қауымы мен Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбековпен болған кездесуде осылай айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Адам өз бойындағы барлық ізгі қасиеттерді мектептен алып, ұстаздың тәлім-тәрбиесіне сусындап өседі. Ұстаз әрқашанда заманның иесі, кемеңгері, жол көрсетушісі. Олар тек ағарту саласының маманы ғана емес, қоғамдық саяси өмірде де орны ерекше жандар", дейді Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбеков. Ал ауданның оқу бөлімінің бастығы Раушан Оразәливаның айтуынша, Алмалы ауданы білім сапасы жөнінен қазір қала бойынша бірінші орында тұр. Ал биыл Алмалы ауданында білім саласына өркендетуге 12 миллион теңге қаржы бөлініп, балабақшалар мен мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.