Алмалы ауданында бірқатар үйде суық су болмайды
15:21, 17 Қыркүйек 2019
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бірнеше үйге суық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы су» МКК хабарлауынша, Абай-Байтұрсынов-Гоголь-Абылай хан көшелерінің шаршысында орналасқан нысандарға суық су беру бүгін түнгі 22:00-ден бастап таңғы 6:00 дейін тоқтатылады.
«Уақытша қолайсыздық жаңа су желісінің магистральді желіге қосылуына байланысты болып отыр. Тұрғындардың түсіністікпен қарауын өтінеміз», - деп мәлім етті «Алматы су» МКК.
Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.