Алмалы ауданының әкімдігі мерекеде ең үздік шара өткізді

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы Алмалы ауданының әкімдігі Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап ең креативті шара – жастар шеруін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Таңғы 9-дан Астана алаңынан үрлемелі оркестрдің қолдауымен шыққан 300-ге жуық жас Республика сарайы алдындағы Абай алаңына дейін жаяу жол тартты. ҚР Жазушылар одағы, «Алтын алма» сауда кешені, М.Лермонтов театры арқылы жүрген шеруге қатысушылар патриоттық әндер айтып, халықты бірлікке шақырған ұрандар айтумен мерекелік шараның әрін кіргізе түсті.Алмалы ауданының әкімдігі ұйымдастырған шаралар «Арбат» алаңында жалғасты. Мұнда спорттық жарыстар, ұлттық ойындармен қатар «Биік өкше кигендер» жарысы өткізілді. Сайысқа қатысқан 30 қыз 80 метрлік Алматы Арбатын айналып жүгіріп шықты. Оларға «Жеңіске ұмтылысы», «Ең биік өкше», «Сайыстағы ең әдемі аяқ» аталымдары бойынша жүлделер тапсырылды. Бұндай сайыстар бүгінде Амстердам, Лос-Анджелес, Берлин, Сидней, Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларында өткізіледі. Шаралар жалғасы бүгін кешке Республика сарайында аудан әкімінің жүлдесі үшін КТК ойындарымен жалғасады.