Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңін аяқтады

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңін аяқтады.

Дүбірлі додада барлығы 32 құрама сынға түсіп жатыр. Олар барлығы сегіз топқа бөлінген. Отандастарымыз H тобында Норвегия, Оңтүстік Корея және Анголамен ойнады.

Екі құрама да алғашқы екі турда жеңілістің ащы дәмін татты. Сондықтан әрқайсысы қарсыласын қапы қалдыру үшін бар күшін салатыны анық еді.

Оңтүстік Корея құрамасы ойын басталғаннан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар бірінші кезеңде 15:7 есебімен басым түсті.

Екінші кезеңде де корейлік гандболшылар басымдықты арттырды. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласына 17:35 есебімен жеңіліп қалды.

Енді отандастарымыз алдымен Анголадан 20:38 есебімен жеңілсе, одан кейін Норвегияға 16:41 есебімен жол берді.

Ел құрамасы енді 24-32 орындар үшін сынға түсетін құрамалар қатарына қосылады.

Қазақстандық гандболшылар 2008 жылы Олимпиадада 10-орынға алған еді. Одан кейінгі жылдарда дүбірлі додадан тыс қалды.

Отандастарымыз қазірге дейін әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Олардың жоғары жетістігі - 2007 жылғы 18-орын.