Алмас Өтешов 2012 жылғы Олимпиада бойынша допинг-тесттен өтпей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зілтемірші Алмас Өтешов бір жылда екі рет допинг дауына ілікті, деп хабарлады Sports.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Аталған халықаралық ұйымның ресми сайтындағы мәлімдемеде Өтешов 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты допинг тексеруден өтпей қалғаны айтылады. Ол әлемдік спорт додасында Алмас Өтешов 7-ші орынға табан тіреген болатын.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешовтің қанынан допинг табылғанын мәлімдеген болатын. Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс медаль алған.

Аталған тізімде Ресей, Молдова, Түркия, Армения, Грузия, Әзербайжан спортшылары да бар.