Алмасадам Сәтқалиев АЭС референдумы туралы: бәрі ашық өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу туралы референдумға халықты белсене қатысуға шақырды.
«Біз баршаны азаматтық ұстанымын білдіруге және референдумға қатысуға шақырамыз. Референдум тиімді өтуі үшін халықтың 50% қатысып, олардың кем дегенде 50% Қазақстанның атом энергетикасы мен атом индустриясын дамытуды қолдауы қажет. Өз тарапымнан процестің ашық, тиімді және транспарентті болатынына кепілдік беремін. Біз шешім қабылдау кезінде Қазақстан азаматтарының пікірін ескеретін боламыз. Референдумның критерийлері белгілі - қауіпсіздік, қоршаған ортаға минималды әсер, перспективалар және экономикалық факторлар», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет үйінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Еске сала кетейік, маусымда Мемлекет басшысы АЭС жөніндегі референдумның күзде өтетінін айтқан еді.
Сондай-ақ, АЭС туралы референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылуы мүмкін екендігі туралы жазған едік.