Кешке қарай жоғалған адамдар табылып, ҚР ТЖМ жедел құтқару қызметінің көмегімен «Алматау» турбазасына жеткізілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
10:19, 12 Тамыз 2013
«Алматау» турбазасының маңында 7 адамнан тұратын топ жоғалып кетті
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жедел құтқару қызметіне «Алматау» турбазасының маңында 7 адамнан тұратын топ жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.