АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады.
Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Грузия өкілі Иури Ломадземен кездесті.
Грузиялық балуан 6:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ислам Евлоев (97 келі) және Олжас Сырлыбай (130 келі) қарсыластарына жол берген еді.
Еске салайық, бұған дейін Алматбек Аманбек күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.