Алматбек Аманбек күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық құрама спортшысы, биылғы Азия чемпионы Алматбек Аманбек (-72 кг) жарысты 1/8 айналымнан бастап, Хорватия өкіл Павел Пулкавецті таза жықты.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Келесі кезеңде қазақ палуаны грузиялық Юри Ломадземен күш сынасады.
Бұған дейін Ислам Евлоев Астанадағы әлем чемпионатының алғашқы айналымынан өткенін жазғанбыз.