Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жалпыұлттық референдумға азаматтардың қатысу деңгейі алдыңғы дауыс берумен салыстырғанда жоғары екені тіркелді.

Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қала тұрғындарының дауыс беру көрсеткіші 28,16%-ды құрады. Бұл 2024 жылғы референдумдағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде дауыс беруге 25,21% сайлаушы қатысқан болатын.

Фото: Алматы әкімдігі

Мегаполистің барлық ауданындағы учаскелерде алматылықтардың белсенділігі байқалып отыр. Қала тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін күні бойы дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Учаскелік комиссиялардың жұмысы штаттық режимде жүріп жатыр, тұрғындардың ыңғайлы әрі ашық дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады, кешке қарай дауыс беру көрсеткіші әлі де өседі деп күтіліп отыр.

Фото: Алматы әкімдігі