Брюссельде Еуропалық Одақтың Сыртқы істер кеңесі өтеді

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM – Дүйсенбі күні Еуропа астанасында ЕО-ға мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері қатысатын кезекті ЕО Сыртқы істер кеңесі өтеді. 

Фото: pixabay.com

Кездесуге ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жан Боррелm төрағалық етеді деп жоспарланып отыр. 

Еуроодақ дипломаттары Еуропа үшін маңызды мәселелерді, соның ішінде Украина, Таяу Шығыс, Грузия және Венесуэладағы жағдайды талқыламақ. Сонымен қатар Араб мемлекеттері: Катар, Иордания, Сауд Арабиясы, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысымен жеке пікір алмасу өтеді. 

Кеңес отырысынан кейін «Сирия мен аймақтың болашағын қолдау» атты сегізінші Брюссель конференциясы ұйымдастырылады.