АЛМАТЫ. KAZINFORM –Алматыда мемлекеттік тапсырыс алған әрбір үшінші құрылыс салушы жауапсыз жұмыс істейді. Бұл туралы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Алатау ауданы тұрғындарының бірі салынған үйлерде көптеген ақау барын айтып шағымданды.
«Менің ойымша, мемлекеттік тапсырысты алған әрбір үшінші құрылыс салушы адал жұмыс істемейді. Сапа туралы айтатын болсақ, құрылыс салушыларға қарсы 30-ға жуық арыз сотта жатыр. Ең қиыны – ақшаны қайтару, өйткені компаниялар жабылып қалған», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.