Алматы әкімдігі Сайран көліндегі қалқымалы көпір қайда кеткенін түсіндірді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Сайран көліндегі жаңадан орнатылған көпірлер бөлшектеліп, уақытша алынып тасталды.

Фото: видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желіде алматылықтар жаңарған Сайран көліндегі көпірлердің жабылғанын айтып, олардың жағдайына алаңдаушылық білдірген.

Сонымен қатар мұндай жұмыс көпірлерді техникалық тұрғыдан жақсы жағдайда сақтау және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жыл сайын атқарылатыны атап өтілді.

Еске салайық, Сайран көлін абаттандыру жұмыстары 2023 жылы басталды. Қала әкімдігі алдымен жобаның эскиздерін ұсынды.

Кейін Сайран су қоймасының түбі 50 жылда алғаш рет тазартылды. Механикалық тазалау нәтижелеріне 142 мың текше метр лай және 23 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды.

Биыл абаттандыру жұмыстары аяқталмаса да, 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырыла бастады.

Жоспарланған жұмыстардың уақтылы аяқталмауына байланысты Алматы әкімдігі Сайран көлін абаттандыру жобасының бас мердігері — «Павлодарский речной порт» АҚ қатысты сотқа талап арыз түсірді.