Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі «Орлов моншасы» құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімдігі Медеу жолының бойындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде «Орловские бани» құрылысы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түспеген. Нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі (жеке тұлға) алған жоқ.

«Визуалды тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды. Ал «Орловские бани» жарнамасы бар баннер жойылды», - деп атап өтті әкімдіктен.

Айта кетейік, аталған аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген. 

Фото: Алматы әкімдігі

«Құрылысы тоқтатылған нысанда заң бұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», - деп атап өтті әкімдіктен.

Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған.