Алматы әкімдігінің БАҚ-қа арналған жаңа сайты іске қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін Алматы әкімдігі қаланың соңғы жаңалықтарын, баспасөз релиздерін және инфографикаларды жариялайтын жаңа интернет-ресурсты іске қосты.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, жаңа интернет-ресурс almaty.kz сайты vecher.kz атты қолданыстағы платформа негізінде іске қосылды.

«Жаңа интернет-ресурсты қаржыландыру және техникалық қызмет көрсетуге келсек, almaty.kz сайты vecher.kz атты қолданыстағы платформа негізінде іске қосылды. Сайт жасауға бір тиын да жұмсалған жоқ. Порталға Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері жаңалық салып, жаңартып отырады», - делінген хабарламада.

Порталда күн сайын қаладағы соңғы жаңалықтар, баспасөз релиздері, инфографика жарияланады.