Әлемнің түкпір-түкпіріндегі гастрономиялық саяхат әуесқойларына арналған жыл сайынғы рейтингте Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық орталықтардың бірі ретінде аталған.
Басылым авторларының пікірінше, қалада қазақтың ұлттық аспаздық дәстүрлері түрлі халықтардың асханасымен үйлесім тауып, ұлттық тағамдармен қатар заманауи гастрономия да қарқынды дамып келеді.
– Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық орталықтардың біріне айналды. Мұнда ұлттық аспаздық дәстүрлер мен әлемнің түрлі асханасы үйлесім тауып, ерекше гастрономиялық мәдениет қалыптасқан, – деп жазады Eater.
Сондай-ақ басылым Алматыда өткен алғашқы Almaty Food Fest гастрономиялық фестивалін, қаланың алғашқы гастрономиялық гидінің жарық көруін және ерекше шай ішу мәдениетін де ерекше атап өткен.
Мамандардың пікірінше, гастрономия саласындағы ең беделді халықаралық басылымдардың бірі саналатын Eater рейтингіне ену Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың өңірдегі жетекші гастрономиялық орталық ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
Айта кетейік, Астанада түркі халықтарына ортақ тағамдар жаңартылды.