Алматы әуежайы рейстерді қабылдай бастады
21:34, 14 Наурыз 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әуежайында жағдай тұрақталып келеді.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай ұшып келетін рейстерді қабылдай бастады.
«Ұшу-кету рейстеріне қатысты жағдай әлі де өзгеріссіз, жауын-шашын қарқынының төмендеуін күтеміз»,- деп хабарлады әуежайдан.
Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатқанын жазған едік.
Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтқан болатын.