Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.
Енді әуежай аумағына кіру Ахметова көшесі бойымен, Ақсұңқар қонақ үйінің алдындағы 3-кіреберіс арқылы жүзеге асырылады. Ал әуежай аумағынан бұрынғыдай Майлин көшесі арқылы шығуға болады.
– Әуежайға келер кезде уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Себебі қарбалас уақытта кептеліс туындауы мүмкін, - деп ескертті әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуежай қонақтарының әуежайға кіру кезінде қосымша сұрақтары немесе мәселелері туындаған жағдайда, 7 777 009 90 68 байланыс нөміріне хабарласып, сондай-ақ әуежай аумағында жүрген арнайы форма киген қызметкерлерден көмек сұрай алады.
Еске салайық, бұған дейін 21 мамырдан бастап Астана әуежайының вокзал маңы мен кіреберіс жолында жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жазғанбыз.